Балалардың обструктивті бронхиті

Балалардың обструктивті бронхиті

Утратил силу — Архив

Также: P-P-009

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)

Версия: Архив — Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Категории МКБ: Слизисто-гнойный хронический бронхит (J41.1)

Анықтамасы

Анықтамасы

Обструктивті бронхит

— тыныс алу жолдарының кері обстуркциясымен өтетін əртүрлі себепті бронх шырышты қабығының диффузды жіті қабынуы.

Хаттама коды: P-P-009 «Балалардың обструктивті бронхиті»

Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.

АХЖ коды:

J40 Жіті немесе созылмалы ретінде анықталмаған бронхит.

J41.0 Жəй созылмалы бронхит.

J41.1 Сілемейлі — іріңді созылмалы бронхит.

J41.8 Аралас, жəй жəне сілемейлі-іріңді созылмалы бронхит.

J42 Анықталмаған созылмалы бронхит.

Облачная МИС «МедЭлемент»

Облачная МИС «МедЭлемент»

Жіктемесі

1. Обструктивті бронхит.

2. Қайталамалы бронхит.

3. Жіті бронхит.

4. Созылмалы бронхит.

Қауіп-қатерлі факторлар

1. Қоршаған ауаның ластануы.

2. Төмен əлеуметік-экономикалық жағдай.

3. Тұқым қуалайтын бейімділік.

4. Аллергиялық ауруға бейімділігі.

5. Аденовирусты жұқпа.

Диагностикасы

1. Шулы тыныс, экспираторлық ентікпе.

2. Тұрақты үдемелі жөтел, жиірек түнде пайда болады.

3. Дене температурасының жоғарылауы.

1. Перкуторлы қораптық дыбыс.

2. Сырылдар мен орналасулар жөтелден соң өзгереді. Бронхолитиктерге жақсы реакция.

3. Қиындаған тыныстың болуы, осы фонда — ысқырмалы сырылдар.

Инструменталдық зерттеулер: көрсетілмеген.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер — пульмонолог (қайталанбалы обструктивті эпизодтарда).

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Кеуде клеткасының рентгенографиясы.

2. Жалпы қан анализі.

3. Жалпы зəр анализі.

4. Ішек құртының болуына нəжісті зерттеу.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Пикфлоуметрия.

2. Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу.

3. Аллерголог консультациясы.

4. Қақырық анализі жəне себіндісі.

Лабораторлық зерттеулер

Лабораторлық зерттеулер: Қанның жалпы анализі (лейкопения, ЭТЖ жоғарылауы).

Дифференциалды диагноз

Дифференциалды диагноз

Диагноз немесе ауру себебі

Диагноз пайдасына

Обструктивті бронхит

— Анамнезде демікпелік тыныс тек қана салқын тиюмен байланысты нəрестеде жəне жанұя мүшелерінде

демікпе / экзема / поллиноздың болмауы;

— Ұзарған тыныс;

— Аускультацияда — құрғақ сырылдар, əлсіздеген тыныс (егер айқын болса — тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);

— Бронхолитиктерге жақсы реакция;

— Көріністер демікпедегіге қарағанда негізінен аз екені айқын.

Демікпе

— Анамнездегі қайталамалы демікпелік тыныс, кейбір жағдайда;

— ЖРВИ байланыссыз;

— Көкірек клеткасының кеңеюі;

— Ұзарған тыныс;

— Аускультацияда — əлсіздеген тыныс (егер айқын болса — тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);

— Бронхолитиктерге жақсы реакция.

Бронхиолит

— 2 жастағы нəрестенің демікпелік тынысының бірінші жағдайы;

— Бронхиолоитпен аурушаңдықтың мезгілдік арту кезеңіндегі;

— Көкірек клеткасының кеңеюі;

— Ұзарған тыныс алу

— Аускультацияда- əлсіздеген тыныс (егер айқын болса өте күшті — тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);

— Əлсіз реакция немесе бронхолиттік заттарға реакцияның болмауы.

Бөгде дене

— Тыныс жолдарының механикалық обструкциясының кенеттен дамуы (нəресте «түйілді») немесе стридор;

— Кейде демікпелік тыныс немесе кеуде клеткасының бір жағынан патологиялық кеңеюі;

— Перкуторлық дыбыстың күшеюімен жəне аралықтың ығысуымен ауаның тыныс жолдарында бөгеліп қалуы;

— Өкпе коллапсының белгілері: əлсіздеген тыныс жəне перкуторлық дыбыстың тұйықталуы;

— Бронхолиттік заттарға реакцияның болмауы.

Пневмония

— Жөтел жəне жиілеген тыныс;

— Көкірек клеткасының төменгі бөлігінің ішке кіруі;

— Қызба;

— Аускультациялық белгілер — əлсіздеген тыныс, сулы сырылдар;

— Мұрын қанаттарының кеңеюі;

— Уһілеген тыныс (ерте жастағы нəрестелерде).

Онлайн-консультация врача

Посоветоваться с опытным специалистом, не выходя из дома!

Консультация по вопросам здоровья от 2500 тг / 430 руб

Интерпретация результатов анализов, исследований

Второе мнение относительно диагноза, лечения

Выбрать врача

Емдеу тактикасы

1. Тыныс жеткіліксіздігі мен тұншығу ұстамаларының белгілерін басу, тыныс алу функцияларын қалпына келтіру.

2. Уыттану симптомдарын жою, өзін өзі сезінуді жақсарту, тəбеттің жəне дене температурасының қалпына келуі.

1. Адекватты гидратация (көлемді жылы сұйықтықтар);

2. Емшекпен тамақтандыру жəне жасқа сəйкес адекватты тамақтану;

3. Қызба жəне тыныс жеткіліксіздігі кезеңінде төсек режимі.

Дəрі-дəрмектік ем:

— Амброксол таблетка түрінде 30,0 мг-нан күніне 3 рет, 7-10 күн бойы, 1 жасқа дейінгі балаларға — күніне 3 рет 15 мг / 5 мл сироп қабылдау керек;

— Антибиотикпен емдеу тек ұзақ мерзімді қызба мен пневмонияның басқа да белгілері болғанда тағайындалады: амоксициллин 15 мг/кг күніне 3 рет 5 күн бойы немесе қорғалған пенициллиндер (амоксициллин + клавулан қышқылы 20-40 мг/кг күніне 3 рет);

— 38,5 С˚ жоғары қызбаны тоқтату (парацетамол — 10-15 мг/кг күніне 4 рет);

— Сальбутамолмен емдеу тек 1 жастан жоғары балаларға, мынадай дозамен қолданады: ингаляциялар 0,2- 0,3 мг/кг/тəу немесе 1-2 доза тəулігіне 2-4 рет, сонымен бірге. капсулада 2,0мг 1 капс. күніне 3 рет.

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. ** Амброксол 30,0 мг табл., 15 мг / 5,0 немесе 30 мг/5,0 сироп;

2. **Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл , оның қабықшасын жабу 500 мг / 125 мг, 875 мг /125 мг; флаконда 500 мл / 100 мг, 1000 мл / 200 мг ұнтақ дайындайды, вена ішілік ендіруге;

3. **Амоксициллин 500-1000 мг табл.; 250-500 мг капсула; 250 мг / 5 мл пероралды суспензия;

4. ** Парацетамол 500 мг табл.;

5. ** Сальбутамол 100 мкг / доза; 2 мг, 4 мг капсула; 20 мл небулайзерге арналған ерітінді;

6. **Флютиказон аэрозоль 50 мкг / 120 доза, 125 мкг / 60 доза, 250 мкг / 120 доза;

7. Сальметерол 25 мкг / 120 доза;

8. Сальметерол + флютиказон 25 мкг / 50 мкг 120 доза, 25/125 мкг / 120 доза, 25/250 мкг /120 доза аэрозоль, 50 мкг /100 мкг 60 доза, 50/250 мкг 60 доза, 50/500 мкг 60 доза ұнтақты ингалятор.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:

1. Обструктивті синдромы басылуы.

2. Дене температурасын қалпына келуі.

3. Жөтелдің жоғалуы.

* — Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

** — Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Ауруханаға жатқызу

Госпитализациялауға көрсетімдер:

1. Демікпелік статус.

2. Бронхолитиктерді қабылдауда 3 күн ішінде нəтиже бермеуі.

3. Тыныс алудың ауыр жеткіліксіздігінін белгілері.

4. Тыныштық күйдегі стридор.

Алдын алуы

· Науқастармен жəне вирус тасымалдағыштармен қатынасты шектеу;

· Бетперде кию жəне ЖРВИ мен жанұя мүшелерінің ауыруында — қол жууы;

· Бөлмеде оптималды ауа режимін сақтау;

· Шынығу шараларын жүргізу.

Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:

1. Егер баланың ахуалы нашарласа немесе ол емшек сора алмаса, қызба пайда болса, тыныс алу жиілесе немесе қиындаса, 2 күннен кейін немесе одан ерте учаскелік дəрігердің қарауы (қандай жағдайда қайтадан дəрігерге тез арада қаралу керек екендігін анасына үйрету).

2. Обструктивті синдромның рецидиві кезінде аллерголог, пульмонолог консультациясы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 — 2007, №165 — 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Treatment of obstructive bronchitis and acute asthma in children EBM Guidelines 12.1.2005 2. Bronchitis. Philadelphia (PA): Intracorp; 2005. Various p. 3. Guideline For The Management Of Acute Exacerbation Of Chronic Bronchitis (AECB), Alberta medical Association, 2001

Ақпарат

Əзірлеушілер тізімі: Наурызбаева М.С., м.ғ.к., ҚР ДСМ Педиатрия жəне балалар хирургиясы ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Мобильное приложение «MedElement»

  • Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения
  • Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на приём

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение «MedElement»

  • Профессиональные медицинские справочники
  • Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на приём

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Назар аударыңыз!

Если вы не являетесь медицинским специалистом:

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях «MedElement (МедЭлемент)», «Lekar Pro», «Dariger Pro», «Заболевания: справочник терапевта», не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
  • Сайт MedElement и мобильные приложения «MedElement (МедЭлемент)», «Lekar Pro», «Dariger Pro», «Заболевания: справочник терапевта» являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.

Балалардағы бронхит

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар — 2017

Категории МКБ: Острый бронхит (J20)

Разделы медицины: Педиатрия, Пульмонология детская

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссияның

2017 жылғы «5» қазандағы

№ 29 хаттамасымен мақұлданған

Бронхит — созылмалылығы 3 аптадан артық емес жөтел түрінде көрінетін (құрғақ немесе өнімді), инфекциялық этиологиялы, бронхтардың қабынушы ауруы.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

АХЖ-10 код(тары):

АХЖ-10
КодыАтауы

J 20.0

Mycoplasma pneumoniae туындаған жіті бронхит

J 20.1

Haemophilus influenzae туындаған жіті бронхит [Афанасьев-Пфейффера таяқшасы]

J 20.2

Стрептоккоктен туындаған жіті бронхит

J 20.3

Коксаки вирусынан туындаған жіті бронхит

J 20.4

Парагрипп вирусынан туындаған жіті бронхит

J 20.5

Респираторлық синцитиалды вирустан туындаған жіті бронхит

J 20.6

Риновирустан туындаған жіті бронхит

J 20.7

Эховирустан туындаған жіті бронхит

J 20.8

Басқа нақтыланған агенттерден туындаған жіті бронхит

J 20.9

Жіті бронхит нақтыланбаған

Хаттаманы әзірлеу/қайта қарау күні: 2013 жыл (2017 ж. қайта қаралған)

Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:

ЖБжіті бронхит
ЖОБжіті обструктивті бронхит
ББбактериялық бронхит
ЖРВИжіті респираторлық вирустық инфекция
АМСЖалғашқы медициналық-санитариялық жәрдем
ТЖтыныс жеткіліксіздігі
ҚЖАқанның жалпы анализі
КТкомпьютерлік томография
ТАЖтыныс алу жиілігі

Хаттаманы пайдаланушылар: жалпы практика дәрігерлері, балалар пульмонлогтары, балалар инфекционисттері.

Пациенттердің санаты: балалар.

Дәлелділік деңгейінің шкаласы:

АЖоғары сапалы мета-талдау, РБЗ-ны жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен ықтималдығы (++) бар ірі РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
ВКогортты немесе жағдай-бақылау зерттеулерін жоғары сапалы (++) жүйелік шолу немесе жүйелік қатенің өте төмен тәуекелі бар жоғары сапалы (++) когортты немесе жағдай-бақылау зерттеулері немесе жүйелік қатенің жоғары емес (+) тәуекелі бар РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін.
СКогортты немесе жағдай-бақылау зерттеуі немесе жүйелік қатенің жоғары емес тәуекелі бар рандомизациясыз бақыланатын зерттеу, олардың нәтижелері тиісті популяцияға қолданылуы мүмкін немесе жүйелік қатенің өте төмен немесе жоғары емес тәуекелі бар (++ немесе +) РБЗ, олардың нәтижелері тиісті популяцияға тікелей қолданыла алмайды.
DЖағдайлар сериясының сипаттамасы немесе бақыланбайтын зерттеу не сарапшылардың пікірі.
GPPҮздік клиникалық практика.

Облачная МИС «МедЭлемент»

Облачная МИС «МедЭлемент»

Жіктемесі

Бронхиттердің жалпымен қабылданған жіктемесі жоқ:

Тыныс алу ағзаларының басқа жіті ауруларымен аналогия бойынша этиологиялық және функционалдық жіктеу белгілерін бөлім көрсетуге болады [1,2].

Қазақстанда бронхиттер бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілмеген. Бронхиттердің этиологиясы — вирустың және бактериялық, ерте жастағы және кіші мектеп жасындағы балаларда бронхиттің себебі риновирус, респираторлық-синтициалды вирус, көкжөтел вирусы, аденовирус, сонымен қатар микоплазма және хламидия қоздырушылары болып табылады. Үлкен жастағы балаларда бронхиттің басым қоздырушылары парагрипп вирусы, аденовирус, риновирус, сонымен қатар Streptococcus pneumonia, Moraxella catarrahalis, Haemophilus influenza болып табылады [3].

Ағымы бойынша:

· жіті (созылмалылығы 4 аптаға дейін);

· ұзаққа созылған (сырқаттың басынан 4 аптадан артық созылу) бактериялық қабынумен өтуші [2,4].

Клиникалық көріністері бойынша:

· жіті бронхит (ОБ);

· жіті обструктивті бронхит (ЖОБ);

· бактериялық бронхит (ББ);

Диагностикасы

ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕМШАРАЛАРЫ [3-5,8,9]

Диагностикалық критерийлер

Шағымдар және анамнез:

· жөтел (құрғақ немесе өнімді);

· ысқырықты тыныс алу;

· әлсіздік.

Физикалық зерттеп-қараулар:

· жиілеген немесе қиындаған тыныс алу (2 айға дейінгі балалар ТАЖ ≥60 минутына; 2 айдан жоғары — 1 жасқа дейін ≥50 минутына; 1-5 жас ≥40 минутына; 5 жастан жоғары >28 минутына);

· кеуде қусының төменгі бөлігін тарту;

· аускультативті белгілер (бронхылы (қатты) тыныс алу, қырыл).

Зертханалық зерттеулер:

· қанның жалпы анализі (нейтрофилді солға жылжумен лейкоцитоз, лейкопения, ЭТЖ жеделдеуі).

Аспаптық зерттеулер:

· сыртқы тыныс алу функциясы көрсеткіштерінің өзгерісін спирометриясы (үлкен жастағы балаларда).

Мамандардың консультациясына арналған көрсетілімдер:

· оториноларингологтың консультациясы — көрсетілімдер бойынша;

· неврологтың консультациясы — көрсетілімдер бойынша;

· кардиологтың консультациясы — көрсетілімдер бойынша;

· фтизиатрдың консультациясы — көрсетілімдер бойынша.

NB! Қазіргі таңда әлемде негізгі симптомы жөтел болып табылатын респираторлық сырқаттар (ларингит, фарингит, трахеит, бронхит) мәселесіне көзқарас қайта қарастырылған. Дәлелді медицина қағидаларына негізделген жөтелу бойынша Америкалық торакалды қоғамның, Еуропалық респираторлық қоғамның, Британдық торакалды қоғамның нұсқаулықтары бар.

Ұзаққа созылған ағымды бронхит үшін диагностикалық алгоритм: (сызба) [5]:

Балалардағы ұзақ /созылмалы жөтелді диагностикалау алгоритмі

Балалардың обструктивті бронхиті

Дифференциалды диагноз

Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулердің негіздемесі:

ДиагнозДифференциалды диагностика үшін негіздемеЗерттап-қарауДиагнозды болдырмау критериі
МуковисцидозСозылмалы жөтел— Тер сұйықтығындағы хлоридтер

— Копрограмма

— Генетикалық анализ

— Ұзаққа созылған неонаталды сары ауру

— Терінің тұзды дәмі

— Физикалық жетілуден қалу

— Қайталама немесе созылмалы респираторлық симптомдар

— Рәсімделмеген қатты, майлы және сасық сұйық нәжіс

— Тер сұйықтығында хлоридтер көрсеткішінің көтерілуі

Біріншілік цилиарлы дискенезияҰзақ өнімді жөтел-Цилиарлы биопсия

(электронды микроскопия)

— Генетикалық анализ

-Декстракардия

-Отиттер

-Тұрақты респираторлық симптомы

ТуберкулезСозылмалы жөтел (> 30 күн);

— Дене салмағының нашар дамуы/қалу немесе салмақты жоғалту;

— Манту реакциясы

— Диаскинтест

— МБТ және Gextert әдісімен қақырық бактериоскопиясы

— Кеуде қуысы органдарының КТ

— Мантуға оң реакция

— Оң диаскинтест

— Балаларда қақырықты зерттеу кезінде микробактериялардың болуы.

Бронх тармақтарының туа біткен ақаулары ( трахеомаляция; трахео-бронхомаляция)Созылмалы жөтел— Кеуде қуысы органдарының КТ

— Бронхоскопия

— Трахея немесе бронх стенозы

— Трахея немесе брон қабырғасының иілгіштігі

— қосымша транхеалы бронх

Тыныс алу жолдарының бөтен денесіҰзақ жөтел;

Төменгі тыныс алу жолдарының қайталама қабынуы.

— Бронхоскопия;

— Кеуде қуысы органдарының КТ

— Бронхтарда бөтен дененің болуы

— өкпе тінінің ателектазы

— эндобронхит

Балалардағы ұзақ мерзімді/созылмалы жөтелді дифференциалды диагностикалау

Балалардың обструктивті бронхиті

Емдеу тактикасы (амбулатория)

АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ

Дәрі-дәрмексіз емдеу:

· температура көтерілген жағдайда — төсек тартып жату;

· адекватты гидратация (көп жылу ішу);

· емізуді ынталандыру және жасына сәйкес адекватты тамақтану;

· санитариялық-гигиеналық режимді сақтау (бөлмені желдету, инфекциялық науқастармен байланыста болмау).

Дәрі-дәрмекпен емдеу

Негізгі дәрі-дәрмек құралдарының тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100%)

ЖОБ емдеу:

Дәрі-дәрмек тобыДҚ халықаралық патенттелмеген атауыПайдалану жолыДәлелділік деңгейі
Ингаляциялық бронходилятаторСальбутамол,

дозаланған аэрозол 100 мкг немесе жастық дозада ингаляцияға арналғант ерітінді

Ересектер мен 12 жастан жоғары балаларға бронхыны кеңейтуші құрал ретінде ішке — 2-4 мг 3-4 рет/тәул., қажет болған жағдайда доза 8 мг 4 рет/тәул дейін көтерілуі мүмкін. 6-12 жастағы балаларға — 2 мг 3-4 рет/тәул.; 2-6 жастағы балаларға — 1-2 мг 3рет/тәул.
Ингаляциялық бронходилятаторИпратропия бромид/фенотерол 20 мл тәулігіне 2 рет жастық дозада;Ингаляциялық бронходилятатор

Қосымша дәрілік құралдардың тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100% төмен):

Дәрі-дәрмек тобыДҚ халықаралық патенттелмеген атауыПайдалану жолыДәлелділік деңгейі
АнтипиретикПарацетамолБалалар үшін бір реттік ішке қабылдау дозасы 10-15 мг/кг. Тік ішектік қолдану кезінде орташа бір реттік доза 10-12 мг/кг құрайды.

Негізгі дәрі-дәрмек құралдарының тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100%):

ББ емдеу [3,4]:

Дәрі-дәрмек тобыДҚ халықаралық патенттелмеген атауыПайдалану жолыДәлелділік деңгейі
Қорғалған пенициллинАмоксициллин + клавуланды қышқыл,

ішке қабылдау арналған суспензия 125 мг/5 мл

45мг/кг тәулігіне 2 рет
МакролидАзитромицин,

суспензия дайындауға арналған ұнтақ

100 мг/5 мл (200 мг/5 мл)

5мг/кг тәулігіне 1 рет

Қосымша дәрілік құралдардың тізбесі (пайдалану ықтималдығы 100% төмен):

Дәрі-дәрмек тобыДҚ халықаралық патенттелмеген атауыПайдалану жолыДәлелділік деңгейі
АнтипиретикПарацетамол 200 мг, 500 мг таб;Балалар үшін бір реттік ішке қабылдау дозасы 10-15 мг/кг. Тік ішектік қолдану кезінде орташа бір реттік доза 10-12 мг/кг құрайды

Хирургиялық емдеу: жоқ.

Емдеу тиімділігінің индикаторлары:

· жөтелдің тоқтауы;

· ТЖ симптомдарының тоқтауы;

· ТАЖ қалпына келуі;

· өзін-өзі сезіну мен тәбеттің жақсаруы.

Емдеу тактикасы (стационар)

СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ: бронхитті стационарлық емдеу жүргізілмейді. Тек ҚЖБ (қауіптің жалпы белгілері) болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балалар АМСЖ деңгейінде ИВБДВ стандарты бойынша стационарлық емдеуге жіберіледі.

Дәрі-дәрмексіз емдеу:

· ЖБ кезінде респираторлық қолдау;

· бөлмеде оңтайлы ауа режимін ұстау;

· температура көтерілген жағдайда — төсек тартып жату;

· адекватты гидратация (көп жылу ішу);

· емізуді ынталандыру және жасына сәйкес адекватты тамақтану.

Дәрі-дәрмекпен емдеу: Амбулаториялық деңгейдi қараңыз.

Хирургиялық емдеу: жоқ.

Емдеу тиімділігінің индикаторлары:

· жөтелдің тоқтауы;

· тыныс алу жиілігінің қалпына келуі;

· дене температурасының қалпына келуі.

Ауруханаға жатқызу

ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУДЫҢ ТИПІН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:

· ҚЖБ (қауіптің жалпы белгілері) болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балалар АМСЖ деңгейінде ИВБДВ стандарты бойынша.

Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер:

· бөтен денеге күмән болған жағдайда бронхоскопия жүргізу үшін;

· кеуде қуысының төменгі бөлігінің тарылуымен және тыныс алудың жиілеуімен тыныс алу жетіспеушілігінің артуы;

· ауыр респираторлық дистресс (тыныс алу кезіндегі айқын ыңғайсыздық немесе емізудің ауырлауы, тамақ және сұйықтықты қабылдаудың қиындауы немесе сөйлеудің қиындауы),

· 2 айдан кіші жастағы барлық балалар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Объединенной комиссии по качеству медицинских услуг МЗ РК, 2017
    1. 1) Клинические рекомендации. Пульмонология. Под редакцией А.Г. Чучалина, 2007;129-144. 2) A.N. Morris and committee members. The diagnosis and management of chronic cough. Eur. Respir. J; 24:2015. 481-492 3) A.B. Chang, John J. Oppenheimer, Miles M. Weinberger. Management of children with chronic wet cough and protracted bacterial bronchitis. Chest Guideline and Expert Panel Report. Chest 2017; 151 (4): 884-890. 4) M.D Shields, A. Bush, M. L. Everard. ations for t he assessment and management of cough in children. BTS guidelines. Thorax 2008; 63(Suppl III) iii1-iii15. 5) H. Alsubaie, A. Al-Shamrani, A. S. Alhabi. Clinical practice guidelines: Approach to cough in children: The official ement endorsed by the Saudi Pediatric Pulmonology Association. International Journal of Pediatrics and Adolescent Medicine 2015; 2, 38-43.

Ақпарат

ХАТТАМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Біліктілік деректерін көрсете отырып, хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:

1) Наурызалиева Шамшагуль Тулеповна — медицина ғылымдарының кандидаты, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» Алматы қ. РМҚК балалар пулмонологиясы бөлімінің меңгерушісі.

2) Садибекова Лейла Данигалиевна — медицина ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» Астана қ. КФ Филиалының педиатрия бөлімінің аға ординатор-консультанты.

3) Табаров Адлет Берикболович — «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасы» ШЖҚ РМК инновациялық менеджмент бөлімінің басшысы, клиникалық фармоколог.

Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.

Рецензенттердің тізімі:

Рамазанова Лязат Ахметжановна — медицина ғылымдарының кандидаты, «Астана Медициналық орталығы» АҚ педиатрия кафедрасының доценті.

Хаттаманы қайта қарау шарттары: жарияланғаннан кейін және қолданысқа енгізілген күнінен бастап 5 жыл өткен соң немесе дәлелділік деңгейі бар жаңа әдістер болған кезде хаттама қайта қаралады.

Қазықтаулы файлдар

Мобильное приложение «MedElement»

  • Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения
  • Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на приём

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение «MedElement»

  • Профессиональные медицинские справочники
  • Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на приём

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Назар аударыңыз!

Если вы не являетесь медицинским специалистом:

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях «MedElement (МедЭлемент)», «Lekar Pro», «Dariger Pro», «Заболевания: справочник терапевта», не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
  • Сайт MedElement и мобильные приложения «MedElement (МедЭлемент)», «Lekar Pro», «Dariger Pro», «Заболевания: справочник терапевта» являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
Литература:
  1. Baas, «Geschichte d. Medicin».
  2. Мустафин Р. И., Буховец А. В., Протасова А. А., Шайхрамова Р. Н., Ситенков А. Ю., Семина И. И. Сравнительное исследование поликомплексных систем для гастроретентивной доставки метформина. Разработка и регистрация лекарственных средств. 2015; 1(10): 48–50.
  3. ОФС.1.2.1.2.0003.15 Тонкослойная хроматография // Государственная фармакопея, XIII изд.
  4. https://diseases.medelement.com/disease/%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D0%BE%D0%B1%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%82%D0%B8%D0%B2%D1%82%D1%96-%D0%B1%D1%80%D0%BE%D0%BD%D1%85%D0%B8%D1%82%D1%96/13066.
  5. https://diseases.medelement.com/disease/%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B-%D0%B1%D1%80%D0%BE%D0%BD%D1%85%D0%B8%D1%82/15682.
  6. Moustafine R. I., Bukhovets A. V., Sitenkov A. Y., Kemenova V. A., Rombaut P., Van den Mooter G. Eudragit® E PO as a complementary material for designing oral drug delivery systems with controlled release properties: comparative evaluation of new interpolyelectrolyte complexes with countercharged Eudragit® L 100 copolymers. Molecular Pharmaceutics. 2013; 10(7): 2630–2641. DOI: 10.1021/mp4000635.
  7. Frédault, «Histoire de la médecine» (П., 1970).
Богданова Анастасия Владимировна/ автор статьи

Врач Педиатр
Ведет прием в поликлиниках: Поликлиника №35
Медицинский стаж: 18 лет
Подробнее обо мне »

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
CIRCAS